Меню KDT
Список пуст

Орал қаласының білім беру бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • kz
  • ЖАРҒЫ

    № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    «Орал қаласының  білім беру бөлімінің

     

     1.    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. «Орал қаласының  білім беру бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  (әрі қарай мемлекеттік мекеме) коммерциялық емес ұйым,заңды  тұлғалық статусы бар ,білім берудің  мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандартын жүзеге асыру үшін заңды түрде құрылған мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, Батыс Қазақстан қазыналық басқармасында есеп айыру шоты бар.
    2.  Мемлекеттік мекеменің  өзіндік мөрі, бұрыштамасы, бланкісі, маңдайша жазуы бар.
    3. «Орал қаласының  білім беру бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1985 жылы 12 сәуірде Орал қалалық кеңес депутатының №162 шешімі негізінде жұмыс істейді. БҚО әкімдігінің қаулысы 2003 жылғы 23 тамыздағы №173 шешіміне сай мектеп «№5 орта жалпы білім беретін мектеп» болып өзгерістер еңгізілді.
    4.  Мемлекеттік мекеменің  құрылтайшысы – БҚО, Орал қаласы әкімдігі..
    5.  Орал қаласының білім беру бөлімі білім саласындағы уәкілетті орган болып табылады
    6.  Мемлекеттік мекеменің  атауы:
       Мемлекеттік тілінде: «Орал қаласының  білім беру бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
       Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа №5 отдела образования города Уральска».
    7. Мектептің  заңды мекен-жайы: Индексі: 090003, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Құрылысшы  шағын ауданы, 8/1 үй.

    МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСІ

    8. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
    9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
    10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
    11. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
    12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

    3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТІ, ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ПӘНІ

    13.  Мекеме үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлімі болып табылады және барлық оқушыларға мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі-МЖМББС) аралығында мемлекетпен кепілденген ақысыз жалпы орта білім алу құқығын және мүмкіндігін береді.
    14.  Мектептің негізгі  қызметі:
    - оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту;
    - оқушылар қабілетін анықтау және дамыту;
    - ата-аналарға педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы, білім беру және жанұя психологиясы мәселелері бойынша кеңес беру;
    - жаңа білім беру бағдарламасын жасау, сынақтан өткізу және енгізу;
    - оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени бұқаралық шаралар өткізу;
    - ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды ұйымдастырып өткізу;
    - оқушыларға медициналық қызмет көрсету.
    15.   Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаттары:
             - мекеме инклюзивті білім беру мен мектепке дейінгі (шағын орталық, мектепалды даярлық топтары), бастауыш (ұзартылған күн топтары), негізгі орта және жалпы орта білім беретін негізгі және қосымша бағдарламаларын іске асырады;
         - оқушыларға базалық жалпы орта (толық ) білім беру әрбір баланың қабілетін және шығармашылық мүмкіндігін ашу;
          - әрбір оқушыға жеке басының қабілеті мен талабын ескере отырып, білім беру;
          - өз бетімен білімін толықтыруға, өзін-өзі дамытуға қажетті жағдай  қалыптастыру;
         - оқушының жеке басының жан-жақты дамуының жағдайын туғызу жеке бағдарламалармен оқуға көшіру;
          - жеке шығармашылық бағдарламаларды  жүзеге асыру оқушының әртүрлі бағыттағы пәндерді өз бетімен таңдауы әрі оның тереңдетіле оқытылуы;
          - ғылыми жұмыстар  дағдылары меңгерулеріне ықпал ету;
          - мектеп алғашқы медициналық санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
          - прекурсорларды сатып алу, сақтау, оқу мақсатында қолдану және оларды жоюды жүзеге асырады.
          - бағдаралды және бағдарлы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру;
    16. Мектеп қызметінің негізгі міндеттері:
         - оқушыларға білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
         -  бағдаралды және бағдарлы оқытудың жүзеге асырылуына жағдай жасау;

















         - оқушылардың МЖМББС деңгейінен төмен емес білім, іскерлік, дағды алуын  қамтамасыз ету;
       - тәрбие жұмысын, оқушылардың оқуға белсенді көзқараспен қызығуын, азаматтық, патриотизм, гуманизм, «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде құру;
          - Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін сыйлау, конституцияға қарсы, азаматтық қоғамға қарсы көрсетулерге шыдамсыздық білдіруді тәрбиелеу;
       - азаматтық және патриотизмді, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, халық дәстүрлерін сыйлау, конституцияға қарсы, азаматтық қоғамға қарсы көрсетулерге шыдамсыздық білдіруді тәрбиелеу;
        - жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттерін ұғынуы, оқушыларда Қазақстан Республиканың қоғамдық       – саяси, экономикалық, мәдени өміріне қатысуына қажеттілік қалыптастыру;
        - мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру;
        - оқушылардың білім алуы, білік дағдыларының қалыптасуы, талдау мен қисынды ойлауын дамыту;
        - оқу-тәрбие үдерісін терең ұйымдастыру, көп нұсқалы білім беру жүйесінің болуын ескеру;
        - Оқу үдерісінің мазмұны бойынша білім беру жүйесін саралау;
      - білім беруде компьютерлендіру, оқушылардың гуманитарлық және жаратылыстан дайындығының үйлесімі;
        - тұлғаның толыққанды дамуы үшін білім алушылар отбасымен әрекеттесу;
        - мектеп бітірушілерді мамандық таңдауға, ЖОО-нда өзіндік шығармашылықпен оқуға дайындау;
        -   балалардың ерте әлеуметтенуін қамтамасыз ету;
       - оқушылармен олардың жазбаша және ауызша тілін түзетуде сабақтар өткізу, үлгірмеушілікті болдырмауға септесу;
       - мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы орта білім беретін мектептермен, тілдік мүкістігі бар оқушыларға арналған мектептермен, логопедпен, балалар емханаларының дәрігер мамандарымен, реабилитаулы орталықтарымен және психолог-дәрігерлік – педагогикалық түзету кабинеттерімен байланыс орнату;
      - жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, жеке адамның даралығын дамыту үшін жағдай жасау, салауатты өмір салтын, адамгершіліктің  негіздерін қалыптастыру;
    Мемлекеттік мекеме тарапынан жарғыда көрсетілмеген қызметтермен айналысуға және келісім жасауға тыйым салынды.

    4. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ МАҚСАТЫ, ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

    17. Мектепке дейінгі балаларды жан-жақты дамыту үшін және олардың  ата- аналарына  балаларын тәрбиелеу мен оқытуын ұйымдастыруға консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету үшін, балалардың әлеуметтік бейімделуден өтулері үшін шағын орталықтардың (толық күн және жарты   күн), және ұзартылған күн топтарының,  логопункттардың және бейіндік сыныптардың (эксперименттік алаңдарда) қызмет көрсетуі қарастырылады.

    18. Мектепалды даярлық сыныбы
    Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.
       І саты – 1-4 сыныптар
    Стандартты және арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламаларын пайдалану.
    Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеруі үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Арнаулы жалпы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және олар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен дамытуға бағытталған, сондай-ақ, онда психологиялық медициналық-педагогикалық консультациялар ұсынбаларының есепке алынуымен айқындалатын білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріледі. Әр түрлі деңгейде бейімделген немесе авторлық бағдарлама негізінде оқытуға болады.
       ІІ саты – 5-9 сыныптар
    Стандартты және арнайы негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын пайдалану.
    Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Арнаулы жалпы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және олар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен дамытуға бағытталған, сондай-ақ, онда психологиялық медициналық-педагогикалық консултациялар ұсынбаларының есепке алынуымен айқындалатын білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріледі.
       ІІІ саты – 10-11 сыныптар
    Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың  бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін түрлі бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. Авторлық бағдарламамен оқытуға болады.

    5. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

    Мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
    19. Мемлекеттік мекеменің мектепке дейінгі даярлық сыныптарына, 1-4 сыныптарына жергілікті атқарушы органдармен бекітілген ережесі негізінде қабылданады.
    20. Оқушыларды Мемлекеттік мекемеден шығару тәртібі:
    оқушыларды шығару директордың бұйрығы бойынша келесі негізде іске асырылады:
    - ата-анасының (заңды өкілдерінің) тілегі бойынша басқа оқу орындарында  немесе оқудың басқа нысанында білімін жалғастыруға;
    - 16 жасқа толмаған балалар мектеп жарғысын бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін және заңға қайшы іс-әрекеттері үшін білім беруді басқару органдарының шешімі бойынша шығарылады;
    - жетім, ата-аналарының қамқорысыз қалған балаларды мектептен шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен  қабылданады;

    6. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

    21. Білім беру деңгейіне сай келетін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа  сәйкес Мемлекеттік мекеме білім алушыларға мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, сондай-ақ, орыс тілін және шет тілдерінің бірін оқытып үйрететін біліммен қамтамасыз етуі тиіс.
    22. Білім беру процесін ұйымдастыру Республикалық базистік жоспарға сәйкес жасалып, білім беру ұйымы бекіткен және қалалық білім беру бөлімімен келісілген оқу жоспарына сәйкес құрылады.
    23. Мемлекеттік мекеме білім беру процесін төмендегідей сатылы білім берудің білім беру  бағдарламасы деңгейіне сәйкес жүзеге асырады.
    Шағын орталық (3 жасқа толған тәрбиеленушілер)
    Мектепалды даярлық  (нормативті меңгеру мерзімі 1 жыл);
    I саты: бастауыш жалпы білім беру (нормативті меңгеру мерзімі 4 жыл)
    II саты: жалпы білім берудің негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі - 5 жыл (12 жылдық білім беруге ауысқан кезде жалпы білім берудің негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі - 6 жыл)
    III саты: жалпы білім берудің орта (толық) жалпы білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі 2 жыл
    24. Негізгі және орта (толық) білім беру бағдарламаларын меңгеру мектеп бітірушілердің міндетті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен қорытынды аттестациядан өтумен аяқталады.
    25. Білім беру бағдарламаларын толық меңгерген оқушылар келесі сыныпқа көшіріледі. Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру, аттестациялау, мемлекеттік мекемені бітіру Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен нұсқаулықпен анықталады.
    26. Оқу жылының басталуы және аяқталуы, оқу тоқсандарының, каникулдардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарымен анықталады. Мектепалды даярлық, бірінші сынып оқушыларына қосымша бір апталық каникул белгіленеді.
    27. Оқу жылын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейді. Сабақ тәртібі мен ұзақтығы санитарлық бақылау органдарының талабымен белгіленеді.
    28. Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нысаны сыныптық-сабақ нысаны.
    29. Ережеге сай бекітілген оқу жүктемесі және оқушылармен тәрбиеленушілердің сабақ кестесі жасалады. Ол дайын мемлекеттік жалпы  білім беретін білім стандарты негізінде жүзеге асады, оны білім және денсаулық сақтау органдарының нұсқауымен, ережесімен, талабымен қадағаланады.
    Денсаулық сақтау органы үнемі білім ошағындағы оқушылардың,    тәрбиеленушілердің денсаулығын қадағалайды, тиісінше медициналық  қызмет көрсетеді. Мектеп медпунктке арнайы бөлме жасақтап беруге тиісті. Оқушылар мен тәрбиеленушілер білім алып жатқан жерінде денсаулығын толық медициналық қызметтен, байқаудан өткізуге міндетті.
    Сабақ кестесін жасаған уақытта оқушының тамақ ішуіне,  демалуына арнайы үзілістер берілуі  қажет.
    Оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақ ішуіне жағдай жасайды, оны денсаулық сақтау органы бақылауға алады.
    30. Әрбір сыныптағы пәндер бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие процесі  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған және  мемлекеттік стандартына сәйкес мұғалім жасаған оқу және күнтізбелік  тақырыптық жоспарлары негізінде қарастырылады.
    31. Мемлекеттік мекеме оқушыларға жалпы білім беру бағдарламаларын не оның бөлек тарауларын отбасылық білім түрін, өздігінен білім алу не экстернат және  мүмкіндігі шектеулі балаларға оқытудың қашықтық нысаны арқылы  меңгеруіне көмек көрсетеді.
    болмаған жағдайда жүргізіледі.
    32.  Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген аймақта тұратын оқу жасындағы балаларды толық  қамтуға шара қолданады.
    33. Ұзақ күн мемлекеттік мекемеде қалуға мұқтаж балаларға, ұзартылған күн тобы құрылады (талапқа сай)
    34. Сыныптағы немесе ұзартылған күн тобындағы оқушылар саны Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемелер туралы ережесіне және жергілікті басқару органдарының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
    35. Оқу жоспарының кейбір пәндерін оқыту Қазақстан Республикасының жалпы  білім беретін мекемелер туралы Ережесіне сәйкес сыныптарды топтарға бөліп жүзеге асырылады.
    36. Мемлекеттік мекеме құжаттары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгі нұсқа бойынша жүргізіледі. Жалпы білім беру  мекемесінің есебі мемлекеттік статистика ұйымдарының талаптарына сәйкес  жүзеге асырылады.
    37. Мемлекеттік мекеме жанынан тамақтанатын не тамақтанбайтын күндізгі лагермен, еңбек ету мен демалу лагерімен қамтамасыз етуге, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша педагогикалық және басқа да кадрлардан тұратын топтар ұйымдастыруға, осында келулері үшін қажетті материалдық- техникалық және тұрмыстық жағдай жасауға құқылы.
    38. Ең біріншіден жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасыларының, көп балалы, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының балаларының, экологиялық қолайсыз ауданда тұратын балалардың, мүгедек, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастырады.
    39. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасөспірімдерді демалыс уақыты мезгілінде еңбекпен қамтамасыз етуге, олар үшін  жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орынын ұйымдастыруға құқылы.
    40. Мемлекеттік мекеме директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы, мұғалімдер (соның ішінде арнайы пән мұғалімдері де) аға тәлімгер, кітапханашы белгілі ретте тағайындалады.

    7. БІЛІМДІ АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ЖҮЙЕСІ, ОЛАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

    41. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.Мемлекеттік мекеме білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады;
    42. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.   
    43.  Жылдың оқу бағдарламасын толық меңгерген, әрі қорытынды бақылаудан сәтті өткен білім алушы келесі сыныпқа көшіріледі, әрі қорытынды аттестациядан сәтті өткендерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
    44. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу және тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

    8. АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТІЗБЕСІ МЕН ТӘРТІБІ.

    45. Білім беру ұйымдарының құзыреттілігіне  төмендегі міндеттер жатады:
    Ұсынылған ақылы тауардың (жұмыс, қызмет) негізі Қазақстан Республикасындағы заңнамалармен реттеледі;
    Қосымша қаржы  көзі және заттай материал мектеп жарғысы негізінде қызметте жүйеленеді, әрі белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.

    9. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН, ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРМЕН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІМЕН ҚАТЫНАСТАРЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

    46. Ата-ана және оқушылар Жарғымен таныстырылады.

     10. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ БАСҚАРУ

    47. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
    48. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
    1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
    2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
    3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
    4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
    5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
    6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
    7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
    8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
    9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
    10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
    11) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;
    12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);
    13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    49. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    50. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
    51. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
    52. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
    2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
    3) шарттар жасасады;
    4) сенімхаттар береді;
    5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
    6) банк шоттарын ашады;
    7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
    8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
    9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
    10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
    11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

    11. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ МҮЛКІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ

    53. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
    1) оған меншік иесі берген мүлік;
    2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
    3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
    54. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
    55. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
    56. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
    57. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
    58. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

    12 БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    59. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім заңы», «Еңбек кодексі», Жарғы және басқа да нормативті актілермен анықталады.
    60. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
    - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
    - білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
    - оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
    - өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
    - білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
    - қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына ауысуға;
    - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендерімен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
    - спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
    - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
    - өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
    - өзінінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
    - оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермелеуге және сыйақы алуға құқығы бар.
    61. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
    Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
    Білім алушы білім ұйымың бекіткен мектеп формасын киюі, сақтауы міндетті. Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасы  классикалық стильде, бірыңғай қою көк түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.  Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.  Қыздардың мектеп формасы:пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады. Мектеп формасына  классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
    Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнында дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
    Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
    62. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары:
    - баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
    - ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын бсқару органдарының жұмысына қатысуға;
    - білім беру ұйымдарының өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
    - өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
    - балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
    63.  Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
    - балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
    - бес жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге, ал алты жастан бастап  жалпы білім беретін мектепке беруге;
    - балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
    - балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті.
    64.  Педагог қызметкердің:
    - кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
    - ғылыми – зерттеу, тәжірибелік – эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу;
    - жеке педагогтік қызметке;
    - тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
    - білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға:
    - ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
    - санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға,
    - педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдқ және материалдық көтермеленуге;
    - өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір – қасиетінің қорғалуына;
    - әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
    - ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтіл сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
    - білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.
    65.  Педагог қызметкер:
    - өзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
    - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
    - білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
    - білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
    - өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
    - бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
    - педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
    - оқушылардың, тәрбиленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
    Міндеттері мен педагогтік әдептік нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

    13.МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

    66. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

    14. ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

    67. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.
    68. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

    15.БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАРАТУ ТӘРТІБІ.

    69. Мемлекеттік мекеме, қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен, басқа білім мекемесіне қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін.
    70. Мемлекеттік мекемені қайта құру кезінде оның Жарғысы, мемлекеттік тіркелгендігі туралы лицензиясы мен куәлігі күшін жояды. Мемлекеттік мекеменің барлық құжаттары (басқару, қаржы – шаруашылық және басқа) бекітілген тәртіппен құқықты иеленуші ұйымға, ал ол жоқ болған жағдайда қалалық мұрағатқа мемлекет сақтауына тапсырылады.
    71. Мемлекеттік мекемені тарату лицензиясыз немесе заңмен тыйым салынған жағдайда қызмет жүзеге асырылғанда немесе оның жарғылық мақсатының сәйкессіздігі жағдайда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
    72.  Мемлекеттік мекемені тарату барысында білім алушылардың оқу жылын басқа білім беру ұйымдарында аяқтауы үшін тиісті шаралар қабылданады.
    73.  Мемлекеттік мекемені тарату барысында оның меншігіндегі ақшалай қорлар мен мүліктер, міндеттерді жабу бойынша төлемдерді ұстаудан басқасын, мектеп- Жарғысына сай меншік иесі анықтайды. Құжаттар бекітілген тәртіппен  мұрағатқа тапсырылады.

    Послание
    Президента

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки