Меню KDT
Список пуст

Орал қаласының білім беру бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • kz
  •  

             Орал қалалық советі ұлттық депутаттары шешімі негізінде  №162 приказ бойынша 12.04.1985 жылы «Строитель 8/1» шағын ауданында №5 орта мектеп ашылды.

                 №5 ОЖББМ өз жұмысын 1985 жылы бастады. Алғашқы күндерден бастап мектеп ұжымы өз жұмыстарын жаксы ұымдастыра білді. Мектептің алғашқы директоры Савичев Е болды. Мектеп құрылғанан бері 6 адам мектеп директоры қызыметін атқарды: Сапаров Е.К, Хегай Л.Н, Ахметкереев С.Х, Сенгалиев М.А, Батишева З.Д.

                    Қазіргі таңда №5 ЖОББМ мектеп директоры Бакытжанова Асем Самиголлаевна.
                   Мектеп екі кезекте оқиды. Мектепте 150 орындық асхана, 150 жаңа орындықтары бар мәжіліс залы бар.
    Спорт зал мектептің екінші қабатында орналасқан, екі гимнастикалық зал бар. Сынып бөлмелерінің саны: 47, солардың ішінде 2 биология кабинеті, 1 химия кабинеті, 1 физика кабинеті, 2 информатика кабинеті бар. Барлық кабинеттер компьютер құрылғыларымен жабдықталған. Мультимедиялық-лингофонды кабинет толығымен компьютерлендірілген 16+1. Мектепте жиһазбен, компьютермен, таным әдебиеттерімен жабдықталған 1 логопед  кабинеті бар, 1 психолог, 1 «Өзін-өзі тану», 1 НВП кабинеті бар.

             3-5 жасар балаларға арналған 50 орынға есептелген шағын орталық ашылды. Шағын орталық жиһаздармен жабдықталған. Ойын бөлмелерінде теледидар, музыкалық орталық, ойыншықтар, таным әдебиеттері бар. Мектепте сынып бөлмелеріне, спорт залға, мәжіліс залына, асханаға  күзгі, көктемгі демалыстарда жөндеу жұмыстары  жүргізіледі.


                      

    Послание
    Президента

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки